Стихи про экспо 2017 на казахском


Қазақша өлең: Expo - 2017 Астана » ZHARAR © 2020

Қазақша өлең: Expo - 2017 Астана казакша Қазақша өлең: Expo - 2017 Астана на казахском языке

«ЭКСПО-ға» келіңдер, қандастарым!


«Экспоға» келіңдер, қандастарым,
Тойдың тойға тілеңдер жалғасқанын!
Шақырады сендерді Қазақстан,
Ән кернеген әр күні таңғы аспанын!

Шақырады сендерді Ұлы Далаң,
Бақ дарыды, құт қонып бүгін оған.
Күтіп отыр сендерді құшақ жайып,
Жасыл желек жамылған тұнық алаң!

Шақырады сендерді Ер Нұрекем,
Тәуекелге байлаған белді бекем!
Қазақ қазақ болғалы дәл осындай,
Бағы жанған заманды көрді ме екен?!

Қолын алып, сәлем бер дана Атаңа,
Алсын аппақ батасын бала-шаға.
Астананың аралап бар көшесін,
«Жәрмеңкені» ерінбей тамашала!

Сені күтіп тұр бүгін Дала мына,
Құт дарысын әр басқан қадамыңа!
Ару қыздар, шашыңды тарат келіп
Майда қоңыр Арқаның самалына!

Есілге кеп тұп-тұнық жу бетіңді,
Қалдыр аппақ айдынға суретіңді!
Ән мен жырға таңырқат бар әлемді,
Ұйықтамастан жалғап бір күнге түнді!

Жұртың дайын қазақтың даласында әр,
Отаныңнан сенің де аласың бар.
Көргендерің бөленіп қуанышқа,
Көрмегендер, арманда қаласыңдар!

Сауық құрып, десең бір дем алайын,
Астанаға биыл жаз кел, ағайын!
Ішем десең, сар қымыз сапырулы,
Жейім десең, жал-жаяң және дайын!

Ұлы тойдан жайың жоқ бөгелетін,
Қоздыр қоңсы жұртыңның делебесін!
Әнін тыңдап Димаштың қарыс жерден,
Қанатыңның көріп қайт төбелесін!

Отаның бар Ордасы сегіз қанат,
Тойдыр келіп дүниеге көзіңді абат!
Мақтанады Нұрекем жер жүзіне,
Тұрғыздым деп іргесін өзім қалап!

Қазағың бар даласы кең керілген,
Қуат алған жел менен Жерге Күннен...
Қоржыныңды қомпайтып кел, туыстар,
Өмір бойы бар жиған-тергеніңмен!

Елбасың бар кең иық, қарыс маңдай,
Айбатымен ықтырған арыстандай!
Тілеп жүрмін қандастар келсе екен деп,
Ұлы тойдан осынау қағыс қалмай!

Тәуекелдің тосылмай мін кемесін,
Отансыз ел, білесің, мүлде жетім!
Ат байлары қазақтың – Қазақстан,
Жортып-жортып түбінде бір келетін!

Жатқамыз жоқ сүрдекті қайта басып,
Тың әлемнен жол таптық тайталасып.
Келем деген қазаққа басы бүтін,
Ұлы Еліңінің құшағы айқара ашық!

Келмейді енді қатал қыс, долы көктем,
Көз сал келіп Елімнің жолына өткен.
Айналаның бұл күнде сыры мәлім,
Мұндай тойды жасайды қолы жеткен!

Жоғалтпаған халықпыз өр мінезін,
Қонағына ұсынған төрдің өзін.
Сарыарқаның төсіне – Астанаға,
Ағылатын сенің де келді кезің!

Болды ұқсаса қазаққа шын есімің,
Пәтер біткен ашқалы тұр есігін.
Тіршіліктің байланбай күйбеңіне,
Өзгелерден бұрын кел бір-екі күн!

Қалды алыста замандар желі басым,
Ел таныған салтың бар беріп асын.
«ЭКСПОның» тартылған кермесіне,
Бірінші боп байлансын сенің атың!

Берсін Есіл мәңгілік тұнық аға,
Куә болып сымбатың, сырыңа да...
Сендерменен көрікті Қазақстан,
Сендерменен айбатты Ұлы Дала!

Ауыт Мұқибек


Жалған дүние,
Жалған тірлік,
Жалған күн,
Несіне маған өлең беріп алдадың?!
Мына жүрек жұлқынып бір тынбайды,
Тағдырыма артқандай бір ауыр мұң!

Жақсылықтан құралса екен өмірім,
Сеземін мен ақ жаулықты көңілім.
Текті едім тартпай қоймас тегіме,
Сондықтан ба,
Бұғаулап жүр өлең дейтін құрығын.

Тыныштықта тұрсын ғасыр бұл құтты,
Той - думанмен көрші елдерді үркітті.
Жинап алып жер жүзінен жаңалық,
Басын қосып, көрсетпекші жақұтты.

Бәрін сырып, айналайық тылсымға,
Кім шыдайды, ал, кәнекей бұл сынға?!
Жалғыз емес, қазақ досын көрсетсін,
Жариялайық жаңа жоба түп - нұсқа.

Тыныштықты қадірлейтін, сыйлайтын
Елдер келді, қазақты мықты санайтын.
Әсерленсін, көрсін, білсін жаңалық,
Ала кетсін өз еліне - бір нұсқа!

Автор: Баян Амангелдіқызы Сейсембаева


Елдің мұңын білмеген басшылар көп,
Тақтан түспей және де біле алмайды.
Үкіметте отырған көп адамдар,
Ел мұңына құлағын түре алмайды.
Жаттанды сөз жаттаған жағымпаздар,
Халық жайын неге көзбен көре алмайды?
Тек қосуды білетін қарындылар,
Ел ақшасын еліне бөле алмайды.
Ақын дейтін ақ сөйлейтін халық шықса,
Тіс ақситып, сес көрсетпей жүре алмайды.
Ақшаны анық көрген арам көзі,
Жаман жолды қалайша көре алмайды.
Биліктегі басшыларға өкпе наз көп,
Ешкім енді сөзімді бөле алмайды.
Сұрағыма жауап берер деп ойлаймын,
Оқығанғой неге жауап бере алмайды?!
Бұл сөзімді естігенде мұңаймаса,
Бетіме қарап олар күле алмайды.
Қазақстанда ЭКСПО болсадағы,
Қазақтар неге тегін кіре алмайды?!

Сабыржан Төлеген


www.zharar.com

Қазақша реферат: EXPO-2017 Астана » ZHARAR © 2020

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады.
ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.
Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар.
Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі.
Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.

www.zharar.com

Стихи абая кунанбаева на казахском языке

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

***

Бес нәрседен қашық бол:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.

***

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

***

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харкет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

***

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

***

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол аллаһты жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жол осы деп әділетті.

***

Аллаһ ішіңді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!

***

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ,
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

***

Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.

***

Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боларсың өлсең тағы.
Менімен сен теңбе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі – ол баяғы.

***

Әуелі аят, хадис-сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз
Неге айтсын Пайғамбар мен оны Аллаһы.

***

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.

***

Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.

***

Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.

***

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдап көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!

***

Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр,
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.

***

Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

***

Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін,
Ақылсыз шынға сенбей жоққа сенбек.

***

Интернатта оқып жүр

Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз 
Здравомыслящий,
Акыл айтпай ма ағасы?

***

Сөз басы

Бір қүдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!

***


Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

***

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.Күз

***

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

***

Жаз

Жаздыгїн шілде болєанда,
Кґкорай шалєын, бјйшешек,
Ўзарып ґсіп толєанда;
Кїркіреп жатќан ґзенге,
Кґшіп ауыл ќонєанда;
Шўрќырап жатќан жылќыныѕ
Шалєыннан жоны ќылтылдап,
Ат, айєырлар, биелер
Бїйірі шыєып, ыѕќылдап,
Суда тўрып шыбындап,
Кўйрыєымен шылпылдап,
Арасында кўлын-тай
Айнала шауып бўлтылдап.
Жоєары-тґмен їйрек, ќаз
Ўшып тўрса сымпылдап.
Ќыз-келіншек їй тігер,
Бўрала басып былќылдап,
Аќ білегін сыбанып,
Јзілдесіп сыѕќылдап.
Мал ішінен айналып,
Кґѕілі жаќсы жайланып,
Бай да келер ауылєа,
Аяѕшылы жылпылдап;
Сабадан ќымыз ќўйдырып,
Ортасына ќойдырып,
Жасы їлкендер бір бґлек
Кеѕесіп, кїліп сылќылдап.
Жалшы алдаєан жас бала,
Жаєалайды шешесін
Ет јпер деп ќыѕќылдап.
Кґлеѕке ќылып басына,
Кілем тґсеп астына,
Салтанатты байлардыѕ
Самаурыны бўрќылдап.
Білімділер сґз айтса,
Бјйгі атындай аѕќылдап,
Ґзгелер басын изейді,
Јрине деп маќўлдап.
Аќ кґйлекті, таяќты
Аќсаќал шыєар бір шеттен
Малыѕды јрі ќайтар деп,
Малшыларєа ќаѕќылдап.
Бай байєўсым десін деп,
Шакырып ќымыз берсін деп,
Жарамсаќсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теѕселген
Жылќышылар кеп тўрса,
Таѕертеѕнен салпылдап.
Мылтыќ атќан, ќўс салєан
Жас бозбала бір бґлек
Су жаєалап ќутыѕдап.
Ќайырып салєан кґк ќўсы
Кґтеріле бергенде,
Ќаз сыпырса жарќылдап.
Ґткен кїнніѕ бјрі ўмыт,
Ќолдан келер ќайрат жок,
Баєанаєы байєўс шал
Ауылда тўрып кїледі,
Ќошемет ќылып ќарќылдап.

bugaga.ru

Разработка внеклассного мероприятия "Астана-экспо 2017 на казахском языке"

Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шара.

Сынып: 10

Тақырып: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң»

Мақсат:

1.Білімділік: келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. 2.Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.

Іс-шараның барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.

Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.

Анна: Энергия будущего всем нам нужна, 
Для нас и для всех поколений.
Чтоб развивалась наша страна,
И не прошли даром ученых стремления.
Проведение EXPO в нашей стране,
Событие важное, громкое.
Энергию в ветре, в солнце, в воде,
Должны использовать строго мы.
От форума этого зависит немало,
И энергия, и экология.
Похоже, время такое настало,
Что меняться надобно опытом.
Долг молодежи нашей и детей,
Приумножить знания предков.
Чтоб цвет наших полей и степей,
Оставалось зеленых оттенков!

Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.

Аружан: Халықаралық көрмелердің тарихы Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді. 160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфелева башня; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны. ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер. Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді. Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады. Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады. Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды. Әлім: Қазақстан & EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын. Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер: «EXPO 2005, Аичи» Жапония • Келушілердің саны: 370 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м. • Тақырыбы: «Табиғат даналығы» «EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы; • Келушілердің саны: 361 500 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м. • Тақырыбы: «Су және тұрақты даму» «EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы • Келушілердің саны: 446 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м. • Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі» Данель: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады. ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы). Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар. Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды. EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі: Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ. Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған. Жансая: Астананың өтініш беруі 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО- 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды

Гүлбану Тайлақова, Жітіқара қ.

№10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

infourok.ru

Эссе по казахскому на тему "ЭКСПО-2017"

ЭКСПО

ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның қазіргі ханымының арғы тегі ханзада Алберт есептеледі.

Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд паркте арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде міне 166 жыл толып отыр.

ЭКСПО ең алғаш 1851 жылы 1 мамаырда Ұлыбританияда өткен.Содан бері қарай бұл көрме жуық арада 66 рет өткелі жатыр.Желілерде жарияланған соңғы мәліметтерге сүйенсек ЭКСПО – 2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллион доллрға түсетінін бағалаған.Көрмені өткізуге 2 қана қала таласқан Олар біздің Астанамыз және Белгияның Лейнс қаласы.Жасырын сайлаудың қорытындысы,яғни ЭКСПО-2017 иесі 2012жылдың 22қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-ның ЭКСПО халықаралық бюросы басассамблеясының 152 сессиясы барысында белгілі болды.Бізбен бәс екелес болған Лейжде бүкіләлемдік көме 2 рет 1905,1930 жылдары өткілген.Әйгілі Гайд паркте алғаш көрмеенің шымылдығын ашқан Лондон арға 11 жыл салып екінші рет өткізіп үлгерген.АҚШ әр қаласында бұл көрме 20 рет өтсе бір ғана Париждің өзі 8 рет бүкіләлемдік қонақтарына қызмет көрсеткен.Брюсселде 4 ретөткен .Айтпақшы Парижде 1889 жылы Эйфел мұнароасы, ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған елдерді айта кетейік.Олар Австралия ,сербия,Франция,Нарвегия ,Австаралия(Сидней) Испания атадан мал қалғанша тал қалсын өткізгелі жатқан ЭКСПОға байланысты Түрлі көзқарастар бар.Біреулер айтады бұл шын ғой деп менің ойымша бұл кеткен ақшаның тендерге түскен ақшамен салыстырғанда артта қалатынын көрсетеді.Тағы кейбіреулері доллор қымбаттады сауда бағасы қымбаттап жағдай нашарлай түсуде. Өзі ЭКСПО бізге зиянын келтіріп жатқан жоқ па депті.Осы пікірлерге мына мақалмен жауап қайтарсақ та болады.

Басы қатты болса ,аяғы тәтті болады.Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future energy (болашақ қуаты) болып табылады.Ғаламшарымыздың бүкіл тұрғындарын жасыл және қауіпсіз энергиясымен қамтамасыз ету энергиясы тиіңмді түрде пайдалануға өту басты жоспар болып саналады. ЭКСПО-2017 10 маусымында басталып 10қыркүйекте аяқталады.

Қазақстан үшін дауым берген 103 елдің үмітін ақтау біздің үлкен міндет. Борышымыз көптеген елдер Қазақстан ЭКСПО-2017 жабылуында өз піікірлерін қалдыруда. Біңзді сол елдер қабылдайды деп ойлаймын.Көркейіп келе жатқан Астанамыз сәулетімен тапқырлығымен көзге түскен ЭКСПО-2017мыз алдағы уақытта еліміздің мерейін көкке көтеріп тарихта қаларына кәміл сеніміміз мол.

infourok.ru


Смотрите также



© 2011-
www.mirstiha.ru
Карта сайта, XML.